
Әкімшілік әділеттің бес жылдық мерейтойы қарсаңында 2026 жылғы 5 маусымда «Әкімшілік әділет және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» форумы өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан инвесторлар қауымдастығы» ЗТБ.
Форумға 400-ден астам қатысушы қатысты, олардың қатарында ірі инвесторлар, судьялар, оның ішінде шетелдік соттардың судьялары, заңгер-ғалымдар, сарапшылар, дипломатиялық корпус өкілдері болды.
Әкімшілік әділетті дамытудың өзекті мәселелері, азаматтар мен бизнес құқықтарын сот арқылы қорғау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ елдегі инвестициялық тартымдылықты нығайтуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін сапалы құқықтық ортаны қалыптастыру талқыланды.
