Әкімшілік әділет және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі
2026 Форумы
2026 жылғы 5 маусым · Астана, Қазақстан
Форум 400-ден астам қатысушыны — ірі инвесторларды, судьяларды, оның ішінде шетелдік соттардың судьяларын, заңгер-ғалымдарды, сарапшыларды және дипломатиялық корпус өкілдерін біріктірді. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан инвесторлар қауымдастығы» ЗТБ.
Форум бағдарламасы
Әкімшілік әділет және оның заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі
Талқылаудың өзегінде — Қазақстан Республикасында қалыптасқан институционалдық орта мемлекеттің инвестициялық тартымдылығының кепілі ретінде. Әкімшілік рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етудегі, бизнесті қорғаудағы және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметке қатысты дауларды шешудегі сот жүйесі мен мамандандырылған институттардың рөліне ерекше көңіл бөлінеді.
Модераторлар
- Асламбек Мерғалиев — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы
Спикерлер
- Пини Альтхаус — Cove Capital директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры
- Жером Бойе — Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азиядағы басқарушы директоры
- Эдуард Кинсбрунер — Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы
- Тимур Тұрлов — Freedom Holding Corp бас директоры
I сессия. Бизнес пен мемлекет: мүдделер тепе-теңдігі
Талқылаудың өзегінде — мемлекет мүдделері мен бизнес-орта және инвесторлар өкілдерінің күтулері арасындағы әділ тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Қатысушылар қазақстандық юрисдикция аясында инвесторлар алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, ашық әрі болжамды құқықтық ортаны қалыптастыру және бизнес үшін белгісіздікті азайту мәселелерін қарастырады.
Модераторлар
- Нұрлыбек Нәлібаев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Спикерлер
- Қанат Шарлапаев — «Атамекен» ҰКП төрағасы
- Лакоби Уильям — «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры
- Золтан Ньитрай — «UBM Kazakhstan Investment» ЖШС бас атқарушы директоры
- Рүстем Жүрсінов — «Қазақстан Инвесторлар қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы
- Қанат Алпысбаев — Wabtec компаниясының өңірлік аға вице-президенті
- Коксал Салих Юлдыз — «Kazak Protein» ЖШС бас директоры (Tiryaki Agro)
II сессия. Әкімшілік әділет: дамудың жаңа кезеңі және сын-қатерлер
Талқылаудың өзегінде — әкімшілік әділет институтын Қазақстан Республикасында да, тұтастай еуразиялық құрлықта да дамыту мен кеңейтудің стратегиялық бағыттары. Қатысушылар әкімшілік сот ісін жүргізуді жақсарту және үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, әкімшілік әділетті, құқық қолдану практикасы мен сот рәсімдерін жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылайды.
Модераторлар
- Аслан Тукиев — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы
Спикерлер
- Шухрат Полванов — Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының төраға орынбасары
- Нұргүл Бакирова — Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының төраға орынбасары
- Сайяд Каримов — Әзербайжан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы
- Роман Подопригора — Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы
- Марат Башимов — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Йорг Пуделька — Берлин қаласы әкімшілік сотының судьясы (Германия)
- Берік Нажмиденов — Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы
